Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арнап «Гүлдене бер туған жерім – Қазақстан!» атты қайырымдылық концерт

Тәуелсіздік күні — біздің мемлекетіміздің бостандығы мен құдіретінің символы болып саналады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен тамаша жалғастырды, Тәуелсіздік жылдары біз әлемдік мойындау мен үлкен ілгерілеуге қол жеткіздік.

Жыл сайын облыстық мәдени сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арнап «Гүлдене бер туған жерім – Қазақстан!» атты қайырымдылық концерт өткізеді.
2019 жылдын желтоқсан айының 11-ші жұлдызында қаламыздын өнерлі жастары тағы бір мәрте ардагерлерді құттықтап №2 қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне барды.

Концерттік бағдарламада «Қуаныш» үлгілі би ансамблі, Кеңшілер мәдениет сарайының әншісі Әсем Жармағамбетова, жас ақын Бек Ноғайбайұлы, сонымен қатар облыстық «Жас қанат — 2019» байқауының лауреаты Сұлтан Молдабеков өнер көрсетті.

Iс-шаралар

Меню