Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылына арналған «Бұқарекең жырлайды» атты жыршы-жыраулар фестивалінің АҚПАРАТЫ

2023 жылғы тамыз айының 4 жұлдызында сағ. 15.00-де Кеншілер мәдениет сарайының даңқ залында  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматовтың, Маңғыстау жыршылық мектебінің көрнекті өкілі Амандық Көмековтың, Ақтөбе өңірі Ер Едіге жыршылық мектебінің ұстазы Әділбек Саринның,  «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы-термешілер мектебінің жетекшісі Айтбай Жұмағуловтың қатысуымен Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылына арналған  «Бұқарекең жырлайды» атты жыршы-жыраулар фестивалінің баспасөз конференциясы өтті.

 

Сол күні орталық мәдениет және демалыс саябағында Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен, ел бірілігі мен сөз шындығын ту еткен әйгілі жырау, ойшыл дана, «Көмекей әулие» атанған көреген қайраткер Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған «Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі жыршы-жыраулар фестивалі өткізілді.

 

Фестивальдің мақсаты, Бабамыздың асыл мұрасын дәріптеу, жыршы-жыраулық дәстүрді насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухында тәрбиелеу, халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және оны елдің санасына сіңдіру.

 

Фестивальге алдаспан ақындар мен жыршылық өнерді және жыраулық дәстүрді дәріптеп жүрген белгілі жыршы-жыраулар қатысты:

  • Алмас Алматов, Айгүл Елшібаева, Мирас Асан, Малика Алдамжарова,Ұлдана Нұртуған (Астана қаласы),
  • Айгүл Қосанова, Амандық Көмеков (Маңғыстау облысы),
  • Қазыбек Әдікей (Алматы қаласы),
  • Ерболат Шалдыбеков (Жетісу облысы),
  • Фархат Оразов (Батыс-Қазақстан облысы),
  • Серік Жақсұғылов, Ұлжан Байбосынова (Қызылорда облысы),
  • Жакен Омаров (Түркістан облысы),
  • Әділбек Сарин (Ақтөбе облысы),
  • Тілеген Әділов, Дидар Қами, Мұхтар Әділов, Әлібек Бимендин, Дарын Дәулен, Аружан Берікбаева, Татьяна Черненко, Виктория Аленина (Қарағанды облысы).

 

Барлық фестиваль қатысушылар дипломдармен марапатталды.

 

Iс-шаралар

Меню