13 қараша күні Қазақстанда мемлекеттік статистика органдарының құрылғанына 105 жыл толуына орай салтанатты кеш атап өтілді.
Салтанатты кешке статистика саласының ардагерлері және қызметкерлері қатысты.
Мерекелік кездесуде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев статистика саласы мамандарының көп жылдық еңбегін атап өтіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаудағы статистиканың маңызын ерекше атап көрсетті. Әкім өз сөзінде бұл саладағы кәсібилік пен жауапкершіліктің жоғары деңгейде екенін атап өтіп, статистиктерге алғысын білдірді.
Кеш барысында басқарма басшылары мен департамент мамандары, нұсқаушылар мен интервьюерлер құрмет грамоталарын, алғыс хаттар мен төсбелгілерді алды. Сондай-ақ салада көп жыл еңбек еткен қызмет ардагерлеріне де ерекше құрмет көрсетіліп, олардың тәжірибесі мен еңбегі жоғары бағаланды.
Мерекелік кездесу жылы лебіздер мен естеліктерге толы болды. Кеш соңында қонақтар мен қатысушылар үшін арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекелік атмосфераны толықтырды.























