Конституция күніне орай өткен «Ауыл береке» жәрмеңкесі

30 тамыз күні еліміздің негізгі заңы, тәуелсіздігіміздің тірегі, барша қазақстандықтардың құқығы мен бостандығының кепілі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аталып өтті. Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толды.

Осы мереке аясында Қарағанды қаласында дәстүрлі облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі «Ауыл береке» ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге Абай, Ақтоғай, Бұқаржырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандары мен Қарағанды, Балқаш, Сарань, Теміртау, Шахтинск қалаларынан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысты.

Қала тұрғындарына ет, шұжық, балық, сүт өнімдері, нан-тоқаш тағамдары және басқа да отандық өнімдер қолжетімді бағамен ұсынылды.

Халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арай» ансамблі, Кеншілер Мәдениет сарайы (Қарағанды қ.), Жаңа Майқұдық Мәдениет үйі (Қарағанды қ.), сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Бұқаржырау аудандары өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Iс-шаралар

Меню