2025 жылғы 27 қыркүйекте Қарағанды қаласында дәстүрге айналған облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі — «Ауыл береке» өтті.
Жәрмеңкеге өңірдің 13 ауданы мен қаласынан ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер қатысып, қала тұрғындарына ет, сүт, шұжық, балық, нан-тоқаш өнімдері мен басқа да отандық өнімдерді қолжетімді бағамен ұсынды.
Бұл – тек сауда-саттық алаңы ғана емес, ауыл мен қала арасын жалғаған рухани байланыс алаңы болды.
Мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін өнер көрсеткен:
«Жаңа Майқұдық» мәдениет үйі, Саран қаласының мәдениет үйі мен Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы жәнеде Қарағанды қаласы Кеншілер мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары.
Қала халқы көтеріңкі көңіл-күймен, шынайы ауыл дәмін сезініп, мол өнімге қанығып, жәрмеңкеден ризашылықпен тарқасты.





















