«Ауыл береке» – Астана қ. мерекелік жәрмеңке

2025 ЖЫЛДЫҢ 11-12 ҚАЗАН КҮНДЕРІ Астана қаласы «Қазанат» ипподромында Қарағанды облысы аудандарының өндірушілерімен бірге жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеге 7 ауданның қожалықтары мен Қарағанды, Балқаш қалаларынан 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысты.

Жәрмеңкеде Астана қаласының тұрғындарына:

  • Еттің барлық түрі;
  • Картоп және көкөністер;
  • Сүт өнімдері;
  • Тауық жұмыртқасы;
  • Балық;
  • Басқа өнімдер (шұжық, кондитерлік, т.б.) ұсынылды.

Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы Астана қаласы базарларының бағасынан 15-20% төмен болады.

Облыстың қайта өңдеу кәсіпорындарының төмендегі өнім түрлері ұсынылды:

  • сүт өнімдері – «Natige Milk»ЖШС;
  • кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері – «Қарағанды-Нан Корпорациясы»ЖШС;
  • шұжық өнімдері – «Мецгер «шұжық цехы «ЖШС»;
  • картоп және көкөністер-«Шахтерское» ЖШС, «Шанс» ШҚ, «Надежда-Н.В.» ЖШС, «Шығыс» ШҚ,»Поливное» ШҚ;
  • құс еті мен жұмыртқа – «Ақнар ПФ» ЖШС, «Агрофирма «Құрма» ЖШС, «Ushtobe Qus»ЖШС.

Жәрмеңгкеге өндірушілермен қатар облыс аударынан өнерпаздар келіп арнайы Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына мерекелік концерт ұйымдастырды.  Абай, Нұра, Осакаровка және Шет аудандарының әншілері мен бишілері өнерімен қала тұрғындарының көңілінен шыға білді.

Жәрмеңкеге Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен қатар, аймақтың аудан-қалаларынан келген өнерпаздар да атсалысты. Олар Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын мерекелік концерт ұйымдастырды.

Көрермендер назарына ұсынылған концерттік бағдарламада ұлттық ән-күй, би өнері, заманауи композициялар орындалып, жәрмеңке шынайы мерекелік атмосферада өтті.

Мәдени бағдарламамен қатар, жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері, қолөнер туындылары және экологиялық таза тауарлар ұсынылды. Келушілер өңірдің дәмді әрі сапалы өнімдерінен дәм татып, қолөнершілердің туындыларын тамашалады.

Ауыл мен қаланы жақындастыратын осындай іс-шаралар жергілікті өндірушілерге қолдау көрсетіп қана қоймай, ұлттық мәдениет пен өнерді дәріптеуге үлкен үлес қосады. Бұл жәрмеңке – ел бірлігінің, мәдениеті мен дәстүрінің жарқын көрінісі болды. Мұндай ауқымды іс-шаралар аймақтардың әлеуетін көрсетіп қана қоймай, мәдениет пен дәстүрді насихаттауға, ел бірлігін нығайтуға өз септігін тигізеді.

Iс-шаралар

Меню