Ауған соғысы ардагерлерінің арасындағы IX республикалық турнирдің жабылу салтанаты өтті

2025 жылғы 17 маусымда Қарағанды қаласында, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 36 жыл және 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған Қарағанды облысы әкімінің жүлдесіне арналған Ауған соғысы ардагерлерінің арасындағы волейболдан IX Республикалық турнирдің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыс еліміздің түкпір-түкпірінен келген ардагер спортшылардың достық пен бірлікке негізделген шебер сайысына айналды. Салтанатты рәсімде жарыстың қорытындысы жарияланып, жеңімпаз командаларға арнайы жеңіс кубоктары мен алғыс хаттар табысталды.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
• Бас жүлде – Шығыс Қазақстан облысы командасына бұйырды;
• II орын – Астана қаласы командасына;
• III орын – Павлодар облысы командасына табысталды.
Марапаттарды турнирді ұйымдастыру алқасының өкілдері салтанатты түрде табыстап, спортшылардың ерік-жігері мен командалық рухын жоғары бағалады.
Шараның мәдени бөлімі де мазмұнды өтті: Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жүргізушілері мен әртістері және «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблінің жарқын өнері кешке ерекше әсер беріп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Бұл турнир – тек спорттық дода ғана емес, ұрпақтар сабақтастығы мен ерлік рухын дәріптейтін тағылымды оқиға ретінде ел жадында қалары сөзсіз.

Iс-шаралар

Меню