«Ата Заңы мемелекеттіктің бізғымас тірегі» концерті

Конституциямыздың 30 жылдығына бағытталған «Ата заң – меклекеттігіміздің мызғымас тірегі» атты мерекелік концерт «Өмір» қарттар үйінде өткізілді.

Іс-шараны Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы мен Жаңа Майқұдық мәдениет үйі бірлесе ұйымдастырды.

«Қарақат» мектеп-студиясы шәкірттері әуезді әнмен әрлеп, «Ұлытау ұлы» ансамблі күмбірлете күй шертіп, «Диля» ансамблі бимен сәнін  келтірді.

Сонымен қатар, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің өнерпаздары да концерттік бағдарламасын ұсынды.

Іс-шара барысында қарттарымызға арнап әсем әндер айтылып, күмбірлеген күйлер мен ұлттық билер орындалып, ел тарихы мен Ата заңымыздың мән-маңызы туралы тағылымды ойлар ортаға салынды.

Кешіміз жылулыққа толы болып, қарттарымыздың көңілі бір көтеріліп қалды. Рухқа толы әндермен қатар қарияларымыздың жастық шағын еске салатын ерекше естеліктерге толы ескі әндер де шырқалды. Ата-апаларымыз бірге қосылып ән шырқап жылы лебіздерін білдіріп, жастарға бата берді.

Iс-шаралар

Меню