«Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы

17 наурыз күні Кеншілер мәдениет Сарайының сахнасында Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы және «Арқа» айтыс ақындары мен жыршылар мектебінің ұйымдастыруымен «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы он үшінші рет ұйымдастырылды.

Биылғы жыр додасы Қазақ мемлекетінің тұтасығы мен бірлігі жолында ерен еңбек еткен мемлекет қайраткері Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 және қазақ айтыс өнері мен дәстүрлі ән мектебінде өзіндік дара жолы бар ақын Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына арналды.

Айтысқа республикалық сайыстарда жеңімпаз атанып жүрген танымал ақындармен бірге «Арқа» айтыс ақындары мен жыршылар мектебінің жас өрендері қатысты.

Дәстүрлі түрлі өткен аламанға Шет, Ақтоғай, Ұлытау, Бұқар жырау, Осакаров, Жаңаарқа аудандарының және Сәтпаев, Теміртау, Приозерск, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан 20 айтыскер ақын қатысты.

ҚР мәдениет қайраткері, ақын, қазылар алқасының төрағасы Қойлыбай Асанов бастаған  қазылар алқасының шешімімен келесі ақындар марапатталды:

  • Бас жүлде – Төкенов Нұрлыбек (Бұқар жырау ауданы);
  • І орын – Қамиев Ұланғасыр (Шет ауданы);
  • ІІ орын – Ботпай Доскей (Бұқар жырау ауданы);
  • ІІ орын – Әділов Мұхтар (Қарағанды қаласы);
  • ІІІ орын – Жаманов Медет (Ұлытау ауданы);
  • ІІІ орын – Байсүгіров Нұрмұхамед (Шахтинск қаласы);
  • ІІІ орын – Мақашев Абзал (Сәтбаев қаласы);
  • ІІІ орын – Бейсенбек Сырым (Жаңаарқа ауданы).

Арнайы сыйлықтармен Мүбарак Еркебұлан (Ақтоғай ауданы), Рымбай Нұрсұлтан (Қарағанды қаласы), Оспанов Бекарыс (Қарқаралы ауданы) марапатталды.

Барлық қатысушылар дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Iс-шаралар

Меню