Байқаудың мақсаты: Ел бірлігі мен сөз шындығын ту еткен әйгілі Бұқар жырау Қалқаманұлының жалынды жырларын, асыл мұрасын дәрептеу, Жыршы-жыраушы дәстүрді жаңғыртып насихаттау, ұрпақты ұлтық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу, Халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және оны елдің санасына сіңіру.
Байқаудың ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, Бұқар жырау ауданының әкімшілігі «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы-жыраулар мектебі болды.
Қазылар алқасының құрамында:
Елшібаева Айгүл Иманқұлқызы
Шибаева Мүгүлсім Ғұбайдуллақызы
Бабашов Азат Мақсұтбекұлы
Әділов Тілеген Елеусізбайұлы
Төлеубаева Камшат Аманбайқызы
Байқау төрт номинация бойынша өтті
«Бұқар жырауша» номинациясы бойынша:
1 орын — Сейіт Наурызбай Казбеқұлы
2 орын —Жұман Бектас
3 орын – Тілеужан Ерқанатұлы, Бекежанов Айтуар
«Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша:
1 орын — Хиса Асылжан
2 орын — Берикбаева Аружан,
3 орын — Сия Айбота Тілеуқабыл Кәміл
«Жыршы-жырау» номинациясы бойынша:
1 орын — Ботпай Нұрәлі
2 орын — Даулен Әділ
3 орын — Жанкелді Нұралы, Аленина Виктория, Дәурен Дарын
«Әлемдi түгел бiлсе де» номинациясы бойынша:
1 орын — Горизанов Владислав
2 орын — Естремская Виктория
3 орын — Клевцова Дарья, Гарипов Дмитрий
Барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етiлдi.