Қарағандыда Ауған соғысы ардагерлерінің арасындағы волейболдан ІХ республикалық турнир басталды!

Бүгін Қарағанды қаласында «Жастар» спорт кешенінде Ауған соғысы ардагерлерінің арасындағы волейболдан дәстүрлі IX Республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Турнир Қарағанды облысы әкімінің жүлдесі үшін, Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылуына 36 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Турнирге еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан 10 команда қатысуда. Екі күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар өзара мықтыны анықтап, командалық рух пен кәсіби шеберліктерін көрсететін болады.
Республикалық турнирдің Ашылу салтанаты «Қуаныш» ансамблінің әсем композияциясы «Шашу» биімен басталса, көркемдік бағдарламаны Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби әртістері «Мерей» триосының және Ауған соғысының ардагері Валерий Бурцевтің орындауындағы патриоттық әндерін ұсынып, қатысушылар мен қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Барлық ардагер спортшыларға жеңіс пен жоғары нәтиже тілейміз!

Iс-шаралар

Меню