«Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ ғимаратының ашылу салтанаты болды

7 қараша күні Қарағанды қаласында «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ ғимаратының ашылу салтанаты болды.

Ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталған, мұнда тиімді еңбек етуге және жайлы жұмыс жағдайын қалыптастыруға барлық мүмкіндіктер жасалған. Жаңа екі қабатты нысан қазіргі құрылыс стандарттарына толық сай келеді. Ғимаратта жеке жылыту қазандығы, кең конференц-зал бар. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін кіруі үшін пандустар мен ыңғайлы кіреберіс топтары орнатылған.

Ашылу салтанатына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков қатысып, орманшылардың өңір табиғатын қорғаудағы еңбегін жоғары бағалап, сала қызметкерлеріне алғыс білдіре отырып,  облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Сонымен қатар, Қарағанды орманшылығының инспекторы Абдулкахим Бейсенбеков ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақстан ормандарын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» II дәрежелі төсбелгісіне ие болды.

Iс-шаралар

Меню