4 мамыр облыс әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов «Arista» мейрамханасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесті. Мерекелік іс-шара Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналып өткізілді.
Іс-шараға облыстың қалалары мен аудандарынан шақырылған 39 ардагер қатысты.
Аймақ басшысы ардагерлерге тілегін арнап, жерлестеріміздің майдан даласы мен және тылдағы көзсіз ерліктері жүрегімізде мәңгі сақталтынын айтты. Сөз соңында облыс әкімі ардагерлерге бағалы сыйлықтар табыстады.
Салтанатты жиынға қатысқан ардагерлер үшін аймағымыздың кәсіби және көркемөнерпаздар қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Фото: Пресс-служба акима Карагандинской области 4 мая 2018