Айтбай Жұмағұлов

2021 жылдың 22-ші жұлдызында Қарағанды облысының Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы «Арқа өнер мектебі» нің жетекшісі  айтыскер, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесінің басшысы, Бұқар Жырау ауданының құрметті азаматы, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағы» Қарағанды облысы филиалының басшысы Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов Мамандандырылған музыка мектеп интернатының оқушыларымен «ZOOM» желісінде «Рухани жаңғырту-ұлттың жаңғыруы» атты тақырып аясында сыр-сұхбат өткізді.

Өнерге енді қадам басып жатқан жас өнерпаздар айтыскер ағаларына дайындап келген сұрақтарын қойды. Жастайынан бабалар жырымен сусындап, айтыс өнерінің «жілігін шағып майын ішкен» ақын айтыс саласына қалай келгендігін, оның қыр-сырын айқара ашып айтты. Сұхбат барасында «сәлем түзелсе, әлем де түзеледі» деп сөзін жалғаған Айтбай Ботпайұлы оқушыларға адамгершілік қасиетіміз «сәлем» сөзінен бастау аларын жеткізді. «Ассалаумағалейкум, сәлеметсіз бе?» деп сәлем бере алмаған жан көшеде сен құлап жатсаңда келіп көмек бере алмайды, ондай жан адамгершілік қасиеттен ада». «Сәлем-сөздің анасы» екенін ақын жас өрендерге осылай жеткізді. Сұхбат соңында Мамандандырылған музыка мектеп интернатының фольклорлық ансамблі Абылай ханның «шаңды жорық» күйін орындады.

«Болар баланың бетін қақпа, белін бу», «Бұлақ көрсең көзін аш» деп дана халқымыз айтпақшы Айтбай Ботпайұлы оқушылармен кездесіп, ашық әңгіме құрып жастардың болашағына бағыт-бағдар беріп, дұрыс жолды нұсқап жатса әдеби, рухани жаңғырып жатқанымыздың бір келбеті осы емес пе?!

Iс-шаралар

Меню