Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай 4 тамыз күні «Сарыжайлау» кинотеатрында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Жазушылар одағының Қарағанды облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП…» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Мүшәйраға Қарағанды облысының танымал ақындары мен өнерпаздары қатысты. Іс – шарада Қ.Байжанов атындағы филармонияның әншілері Абайдың әндерін орындады.
Сонымен бірге, қонақтар мен қала тұрғындары үшін Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жазба ақындар мүшәйрасының қорытындысы бойынша 1 орынды – Мүбәрак Бағдат Мүбәракұлы, 2 орынды – Таңсәуле Әгенқызы, 3 орынды – Қуатбеков Ерболат Ерболұлы және Бұланбаев Дәуренбек Дәнекеевич иеленді. Сонымен қатар, қарағандылық ақындар Дәулет Ырысбайұлы, Қайрат Асқаров, Сәттібай Жүнісов атындағы арнайы сыйлықтарын Ерік Нарынға, Мақсат Әзибекұлы Куземхановқа және Саят Қабдырашұлы Тұяқбаевқа тапсырылды.