2024 жылдың сәуір айының 30-шы жұлдызында Қарағанды қаласының № 2 оқушылар сарайында Қарағанды облысының әдіскерлері мен мәдени ұйымдастырушыларына арналған «Балалардың бос уақытын ұйымдастыру және өткізу» семинар-практикумы өтті.

Семирнарды облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы И.Б.Канафина ашты, №2 оқушылар сарайының басшысы Ш.Д.Алтынбекова құттықтау сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылар үшін таныстыру экскурсиясы өткізілді. Балалардың демалыс уақытында бос уақытын жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерін, тәрбие жұмысының нысандарын орталықтын талдау, мониторинг және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Н.С.Байкенова атап өтті. «Балалардың күндізгі лагерінің жұмысын жоспарлау» іскерлік ойыны өткізілді, ойын барысында қатысушылар демалыс уақытында балалармен жұмыс істеудің бірнеше нұсқаларын әзірледі.

Show Today компаниясының жасөспірімдерге арналған ойын бағдарламасы өтті, оның барысында әрбір қатысушы балалық шаққа саяхат жасады. Қатысушыларға балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар жинағы таратылды.

Iс-шаралар

Меню