2024 жылдың 17 мамырында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғимаратында музыкант, Б. Сарыбаев атындағы ұлттық аспаптар музейінің сақтаушысы Азамат Бақияның мастер-класы өтті.

2024 жылдың 17 мамырында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғимаратында музыкант, Б. Сарыбаев атындағы ұлттық аспаптар музейінің сақтаушысы Азамат Бақияның мастер-класы өтті.

Мастер-класс барысында қазақ музыкалық аспаптарын дайындаудың бірегей тәсілдері көрсетіліп, олардың шығу тегі туралы танымдық дәріс өткізілді.

«Жошы» фольклорлық ансамблінің авторлық туындылары орындалып, Б. Сарыбаев атындағы ұлттық аспаптар мұражайының сирек кездесетін жәдігерлері көрсетілді.

Мастер-класқа облыстың 25 клуб қызметкері қатысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, ал аспаптар туралы викториналық сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табысталды.

Iс-шаралар

Меню