20 мамырда Қарқаралыда «Жымияның сен неге?» мәдениет қызметкерлері күніне орайластырылған

20 мамыр — Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Осыған орай Қарағанды облысында алғаш рет Қарқаралы қаласында жастарға арналған ерекше форматтағы шара — “Жымиясың сен неге?” атты облыстық жайдарман фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Іс-шара Қарағанды облысы әкімдігінің және Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, сондай-ақ Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының бастамасымен өтті.

Фестивальдің басты мақсаты — жастарды бірлікке, ізгілікке үндей отырып, олардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ мәдени туризм мен ұлттық өнерді насихаттау болды. Қарқаралының тарихи-мәдени атмосферасы мен табиғаты жастардың рухани дамуына серпін беріп, туризмнің маңызын көрсетті.

Жайдарман додасына облыстың әр түкпірінен келген командалар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ақшалай 70 000 теңгелік ынталандыру сыйақысымен келесі құрамалар марапатталды:

  •   ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының «Ішкі істер» құрамасы;
  •   Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Тіфә-Тіфә» құрамасы;
  •   Қарқаралы қаласының «Қарқаралы» құрамасы;
  •   Қарағанды қаласынан ерікті «Ерекше» құрамасы;
  •   «Bolashaq» жоғары колледжінің «Демал» командасы;
  •   Қазіргі көпсалалы колледжінің «СМК» командасы;
  •   Ұлытау облысының «Ұлытау облысының жастар құрамасы».

Жүлделі орындар бойынша:

III орын және 100 000 теңге — Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінің «Болашақ» командасына;

II орын және 200 000 теңге — А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Орталық» құрамасына берілді.

Ал фестивальдің бас жүлдесі — 300.000 теңге , Қарқаралы-2025  «Жымиясың сен неге?» жеңімпазы болып, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Амазонка» құрамасы танылды.

Қарқаралы ауданының әкімдігіне және әріптестерімізге көрсеткен қонақжайлықтары мен қолдаулары үшін шын жүректен мың алғыс!

Бұл шара — тек әзіл-қалжың алаңы ғана емес, мәдениет пен бірліктің, руханият пен болашақтың тоғысқан орнына айналды. Жастардың жарқын ойы мен өнері — ел ертеңінің жарқын кепілі!

Iс-шаралар

Меню