1 наурыз – Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Мереке аясында Қарағанды қаласының Достық Үйінде мерекелік шара өтті. Іс-шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж. Әбішев, аймақтың этномәдени бірлестік ұйымдарының өкілдері, саяси партиялар, жастар ұйымдары, БАҚ қатысты.
Іс-шараны Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж. Әбішев құттықтау сөзбен ашты. Этномәдени бірлестік ұйымдарының сәндік-қолданбалы көрмесі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Басқа ұлт өкілдері бауырмашылдық пен қонақжайлықты көрсеткен қазақ халқына алғысын білдірді.