2025 жылғы 1 наурызда Қарағандыда Тәуелсіздік стеласына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл іс-шара Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Іс-шараға қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен Салтанат өкілдері қатысты.
Тәуелсіздік стеласына гүл шоқтарын қою рәсімі ризашылықты, ынтымақ пен бірлікті бейнелейтін осы мерекенің басты оқиғаларының бірі болды