Халқымыздың қаһарман ұлы, Мемлекет қайраткері Жұмабек Ташеневтың жүлдесіне арналған «Жылдың үздік айтыс ақыны» анықталатын жыр дода

2018 жылдың 23 желтоқсан күні сағат 15.00-де Қарағанды қаласының «Достық Үйінде» халқымыздың қаһарман ұлы, Мемлекет қайраткері Жұмабек Ташеневтың жүлдесіне арналған «Жылдың үздік айтыс ақыны» анықталатын жыр додасы өтті. Қазылар алқасының төрағасы Аманжол Әлтаев және мүшелері Қойлыбай Асанов, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Мақсат Аханов сынды мыңнан жүйрік тұлғалары төрелік етті. Айтысты Айтбай Жұмағұлов жүргізді. Кештің басты қонағы белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов болды. Айтыстың қатысушылары: Сырым Бейсенбек, Бекболат Еркеғали, Нұрмұхаммед Байсүгіров, Жанарыс Тілеубек, Ботпай Доскей, Оспанов Бекарыс, Рымбай Нұрсұлтан, Алихан Ерғалиев.

Последние мероприятия

Меню