Қазақстанның халық артисі, әнші, сазгер, актер М.Ержановтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Бақыт жыры» әндер мен күйлер жинағының тұсау кесер әдеби-музыкалық кеші

2016 жылдың 9 желтоқсанында Ақтоғай ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Қазақстан халық артисі, әнші, композитор Манарбек Ержановтың 115 жылдығына арналған «Бақыт жыры» әндер мен күйлер жинағының тұсау кесер кеші болып өтті. Арқаның Ақтоғайында өміге келіп, санаулы ғұмырында сәулелі ізі қалған, ән кербезі Манарбектің атын асқақтатып, әнімен тербелетін күн болды. Бұл кештің басты сүйіншісі ән әйдігі Манекең әндері нотасын әнші, өңір мақтанышы, Мәдениет қайраткері, Дәуренбек Әркеновтың әзірлеуімен домбыраға арналып жазылып, Мәдениет қайраткері, дирижер Әбдуғалисын Шоқанбаев оркестрге арнайы әндер мен күйлерді өңдеп нотаға түсіріп, Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Садвокасова Кагиза Сүлейменқызы бұрын жарық көрген нота жинақтарын жинақтап және біріктіріп, Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылығымен «Бақыт жыры» атты кітап шығарылып, бүгінгі күні халыққа ұсынылып отыр. Осы кешке қазақтың қазақтығын танытар домбыраны жанына серік еткен Манекеңнің әсем әндерін насихаттап жүрген еліміздің, аймағымыздың мақтаныштары қатысты.

Атап айтсақ:

  1. Қарағандылық әнші Дулат Аханов
  2. Шет ауданынаң әншісі Елдос Жакиев
  3. Ақтоғайлық әнші Саят Тұяқбаев
  4. Қарағандылық өнерпаз  Медет Осатаев
  5. Қарқаралы ауданынының әншісі Думан Несіпбаев
  6. Ақтоғайлық әнші Саттар Сәрсенқұлов
  7. Жаңаарқалық әнші Қасиет Қамиев
  8. Бұқар жырау ауданының әншісі Азамат Амантайұлы
  9. Қарағандылық әнші Дәуренбек Әркеновтер.

Қазақ халқының қайталанбас тұлғасы өнер падишасы Манарбек Ержановтың өмірі мен шығармашылығына арналған өнер кеші көрермендер жүрегіне жылу берді. Тұла бойға тамырдың бүлкілімен, жүректің дүрсілімен тараған ұлттық ән өнерінің- ұрпаққа берер тәлімі таусылмасын!

Последние мероприятия

Меню