«Бұқарекең жырлайды» дәстүрлі атты облыстық ақын-жыршылар сайысы туралы ақпарат

2020 жылдың қазан айының 08 жұлдызында сағат 14:00-де Қарағанды қаласының «Достық үйі» ғимаратында Қарағанды облысы мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының, Бұқар жырау ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Қоғамдық Келісім орталығының ұйымдастыруымен халық ақыны Доскей Әлімбаевтың 170 жылдығына арналған дәстүрлі «Бұқарекең жырлайды» атты облыстық ақын-жыршылар сайысы өтті.

Сайыс тарихи құндылықтарымызды насихаттау және халық ақыны Доскей Әлімбаевтың асыл мұрасын дәріптеу, жыршы-жыраушы дәстүрді жаңғыртып насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу, халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және оны елдің санасына сіңіру  мақсатында өткізілді.

Сайыс төрт номинациядан тұрды: Бұқар жырауша – бұл сайысқа түскен ақындар өз туындыларын жырлау поэзиясы үлгісінде жаза отырып, қоғамның үлкен мәселелерін өз толғауында баяндады; Бұқар жырау оқулары —  Бұқар жыраудың шығармашылығын яғни жыр-толғауларын мәнерлеп оқыды; Жыршы-жыраулар сайысы – Бұқар жырау Қалқаманұлының жыр-толғауларын белгілі бір аспапта мақамға салып орындады; Әлемді түгел білсе де —  өзге ұлт өкілдері Бұқар жыраудың жыр-толғауларын қазақша, орысша және өз тілінде жатқа, мәнерлеп оқыды.

Мүшайраға Қарағанды, Теміртау, Саран қалаларының және Абай, Қарқаралы, Жаңаарқа, Ақтоғай, Сұрыптау, Бұқар Жырау, Шет, Осакаров аудандарының өнерпаздары қатысты.

Әділқазылар әр номинация бойынша жүлдегерлерді жеке-жеке анықтады:

«Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша:

I орын – Ташимбекова Жанерке (Керней ЖОББ тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ).

II орын –Мәдинеш Маралжан (Ботақара кенті «Руханият» ҚББО-ның Бұқар жырау атындағы жыршы-жыраулар сыныбы).

II орын – Жанайдарова Амина (Қарағанды қаласы Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясы).

II орын – Иманбаева Инабат (Керней ауылы «Бұқар жырау Қалқаманұлы атындағы жыршы-жыраулар» сыныбы).

III орын –  Сапарбек Гүлім (Жезді кенті аралас мектеп-интернаты).

III орын –  Айтбаева Маржангүл (Керней ЖОББ тірек мектебі).

III орын –  Әділ Әбдірахман (Үштөбе ауылы жыршы-жыраулар сыныбы).

III орын –  Мейрам Фатих-Сұлтан (Шет ауданы С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебі).

 

«Бұқар жырауша» номинациясы бойынша:

I орын – Абзал Мақаш (ЕҰУ – нің 1 – курс студенті)

II орын – Алдаберген Айсулу (Жаңаарқа ауданы)

II орын – Совет Төрехан (Осакаровка өнер мектебі)

III орын –  Мұқтар Толғанай (Ақтоғай ауданы «Өнер мектебі»КМҚК)

III орын –  Бек Ноғайбай (Қарағанды қаласы)

III орын –  Сырым Нығызбай (Жаңаарқа ауданы)

 

«Жыршы-жыраулар» номинациясы бойынша:

I орын – Ботпай Доскей (Қарағанды Политехникалық университеті)

II орын – Тілеубек Жанарыс (Теміртау қаласы)

II орын – Аленина Виктория (Ботақара кенті «Руханият» ҚББО-ның Бұқар жырау атындағы жыршы-жыраулар сыныбы)

III орын – Мейрамов Арман (Ботақара кенті «Руханият» ҚББО-ның Бұқар жырау атындағы жыршы-жыраулар сыныбы).

III орын – Қамиев Ұланғасыр (Шет ауданы Талды ауылы).

III орын – Қазыл Ұлан (Үштөбе ауылы жыршы-жыраулар сыныбы).

 

«Әлемдi түгел бiлсе де» номинациясы бойынша:

I орын – Гамм Вадим (Новоузенка ЖББОМ).

II орын – Митковская Анастасия (Жезді кенті аралас мектеп-интернаты).

III орын – Сафаров Мухаммед («Ахыска» түрік орталығы).

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.