Біз туралы

Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы

Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы (ОМСж/еХШҒӘО) 1945 жылдың сәуір айынан құрылып, жұмыс істейді. Орталықтың бірінші бастығы Қ. Мұқышев (1945ж.) болды, сонан кейін Ф.Мұхамеджанова (1956ж.), Қ.Құсниденова (1977ж.), Х.А.Хайдарғалиева (1999-2007) басшылық етті. Қазір орталықтың директоры – Кагиза Сүлейменқызы Сәдуақасова.

Орталық Қарағанды облысындағы 275 клубтық типтегі мәдени-сауықтыру мекемелеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді, 11 мәдениет және демалыс саябақтарына, 21 жылжымалы «Зерде» мәдени-сауық бейнемобильдер кешендеріне.

ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • мәдени-сауық мекемелеріне, көркемөнерпаздар ұжымдарына, мақсат клубтарына, ұлттық-мәдени орталықтарына әдістемелік басшылық жасау;
  • қазақ және басқа халықтардың рухани-мұраларын насихаттау;
  • мемлекеттік және әлеуметтік салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту;
  • мәдени-сауық қызметінің, сауық өнеркәсібінің, шоу-бизнестің жаңа, тиімді түрлері мен әдістерін енгізу;
  • озық тәжірибе жұмыстарын насихаттау және енгізу;
  • мәдени-сауық мекемесінің жаңа үлгісін және сауықтың тың жобасын дайындау;
  • біліктілікті арттыру – курстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, әңгімелесулер, шығармашылық зертханалар, машықтандыру, кеңестер беру;
  • Фестивальдерді, байқауларды, конкурстарды, озық тәжірибе мектептерін, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру және өткізу;
  • әдістемелік нұсқаулықтар, сценарийлер, кітапшалар, ақпараттық-әдістемелік жинақтар жасап шығару.

Қызмет жылдар ішінде орталық қазақтың дәстүрлі халық шығармашылығын қалпына келтіру жөнінде орасан зор тәжірбие жинақтады.Жас айтыс ақындарының «Арқа» мектебі құрылды. Жер-жерлерде ақындар айтысына, «Арқа арулары мен сал серілері», Тәттімбет және Ж.Елебеков атындағы конкурстарға, фестиальдеріне қатысатын халық таланттары іздестірілуде.

Қарағанды облысының мемлекеттік мәдени-сауық мекемелерінде 1461 клубтық құрылымдар қызмет атқарады, соның ішінде 1008 көркемөнерпаздар ұжымы жұмыс істейді. 94 ұжымның «Халықтық» және «Үлгілі» құрметті атақтары бар.

Халықтың әлеуметтік-демографиялық сипатын ескере отырып, дәстүрлі түрде 20-дан астам түрлі жанрдағы және бағыттағы байқаулар мен конкурстар,фестивальдер өткізіледі:

  • ардагерлер үшін дәстүрлі соғыс және еңбек ардагерлерінің «Ардагерлер ән салады» атты хор ұжымдарының фестивалі;
  • балалар үшін – ең кішкентай сәбилердің «Еркетай» облыстық фестивалі, балалар шығармашылығының «Жаңа есімдер», «Театр – балалар көзімен» облыстық конкурстары;
  • жастар үшін – жас орындаушылар мен шоу бағдарламасын жүргізушілердің «Жас қанат» облыстық конкурсы, «Жұлдыз» республикалық конкурсы;
  • мүгелдектер үшін көркемөнерпаздар шығармашылығының «Жан шуағы» облыстық фестивалі;
  • түрлі жанрларды дамыту үшін үрлемелі және джаз музыкасының, әзіл мен сықақ, «Сарыарқаның жұлдызды шапағы» би фестивалі, ұлттар мәдениеті, қалалар мен аудандардың көркемөнерпаздар ұжымдарының байқау-конкурстары және тағы да басқалар.

Орталық Қарағанды облысында тұратын халықтардың мәдениетін дамыту мен жетілдіруге, 76 ұлттық-мәдени орталықтардың жұмысына барынша көңіл аударады.

Орталықтағы әдістемелік жұмыстың өзінше бір маңызды саласы – жылжымалы мәдени-сауық кешені – «Зерде» бейнемобилі, оның құрамында әдістемелік әдебиеттер, облыстағы ең жарқын фестивальдердің, конкурстардың, мерекелер мен көпшілік мәдени-сауық, ұйымдастыру-тәжірибелік шаралардың білікті мамандар өткізген бейнетүсірілімдері бар. «Зерде» бейнемобилі жыл сайын Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жолдауын насихаттау мақсатында облыстық мәдени-ақпараттық керуен құрамында сапарға шығады.

Орталық жанында 15 жыл бойында Түркиядағы Халықаралық, Белорус пен Красноярскіде өткен «Бозторғай», «Әнші балапан», «Золотая пчелка» конкурстары мен фестивальдерінің лауреаты «Қуаныш» үлгілі би ансамблі жұмыс істейді.

Тату да тиянақты ұжымда жоғары кәсіби деңгейдегі, талапшылдығымен ерекшеленетін, уақыт тынысын терең түсінетін, алғыр ойлы мамандар жұмыс істейді.