2018 жылдың 23 маусым күні Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалаыс саябағында Астана қаласының 20 жылдығына орай мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Жан шуағы» ХХI облыстық фестивалі өтті.
Фестивальдің қолдаушылары – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. Фестивальдің жүргізушілері және ұйымдастырушылары – Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы. Фестивальге зағиптар мен қабілеттері нашар, саңырау жандарға арналған арнайы мамандандырылған мәдени-сауық ұйымдарының, психоневрологиялық әлуеметтік-медициналық мекемелердің, мүгедектер қоғамдарының және басқа да мүмкіндіктері шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жаңа үлгідегі мәдени-сауық қызметін жандандыру бағытында ізденістер ұйымдастыру, дарындарды іздестіру арқылы мәдени әлеуметтік қызмет көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне көмек көрсету мақсатында өткізілді.
Фестиваль бағдарламасында:
- «Әркашанда жас — Астана» атты авторлық әндермен өлеңдердің шығармашылық байқауы.
- «Астана – город мечты!» атты суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің, коллекция жиюшылардың қатысуымен көрме өтті.
- Астана қаласы мен Қазақстан Республикасы Конститутциясы Күніне арналған 20 және 25 жас аралығындағы құрдастары арасында «Мисс и Мистер фестиваль — 2018» конкурсы өтті.
ХХI облыстық фестивалінде катысушыларға дипломдар және ақшалай сыйлық берілді.
«Мисс и Мистер фестиваль — 2018» конкурстың катысушыларына:
- Саран қ. Айгуль Балмагамбетова және Александр Раманаускас;
- Қарағанды қ. Яна Атигаева және Биржан Абжанов;
- Қарағанды қ. Куанышгуль Айгожина және Игорь Тималёв;
- Қарағанды қ. Галина Апрелева және Александр Кожевников;
- Шахтинск қ. Полина Тарханова және Александр Филатов;
- Қарағанды қ. Лада Старогородская және Вячеслав Кондауров;
- Қарағанды қ. Татьяна Тодик және Апкен Жумаков;
- Қарағанды қ. Наталья Звягинцева және Руфат Хабибулин.
Диплом және арнайы сыйлық берілді.
«Жан шуағы» фестивалінде «Әркашанда жас — Астана». 11 авторлық өлен конкурсы өткізілді:
- Теміртау қ. «Гордость Казахстана – Астана!» В.Крячконың өлені;
- Қарағанды қ. «Астаным менің» Г.Мамбетованың өлені;
- Қарағанды қ. «Столица» Р. Ахметовтың өлені;
- Қарағанды қ. «Астана» В. Овчарованың өлені;
- Қарағанды қ. «Горжусь тобой я, Астана» К.Майтанованың өлені;
- Қарқаралы ауданының «Каркаралинск» В. Балбатунның өлені;
- Қарқаралы ауданының «Астана – моя столица» В. Мухамеджановтың өлені;
- Абай қаласының «Астана – ковыльных степей царица» В. Титованың өлені;
- Жаңаарқа ауданының «Астанаға тарту» М.Құрақбайдың өлені;
- Теміртау қаласының «Астана» А.Сущеңконың өлені;
- Саран қаласының «Астана» С.Бударагинның әні.
Фестивальге Қарағанды облысының Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Шахтинск, Саран қалалары мен Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ұлытау аудандарынан келген 300-ден астам адам қатысты.