Жаңаарқа аудандық мәдени сауық орталығы облыстық «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» фестиваліне арнайы дайындаған «Нұр тұнған,жыр тұнған-Жаңаарқа» атты әдеби-сазды театрландырылған қойылым-көрмесі аудан орталығындағы «Тәуелсіздік саябағында» өтті.Саябақ төріндегі сахнадан басталған, қазақтың он екі қанатты киіз үйінің кереге жабдықтарымен сахна алдындағы алаңда жалғасып жасалынды.
Киіз үйлерге ата-бабамыздан мұра болып келген жәдігерлермен қазіргі таңдағы қолөнер шеберлерімен суретшілердің шығармаларынан көрме жасақталды. Киіз үйге кіре берісінде екі жағына Жаңаарқа аумағынан табылған қоныстар бейнеленген және ғалым фольклоршы, ғалым Ақселеу Сейдімбектің сөзі жазылған баннерлер мен өмір ағашы қойылған. Қойылым аты аңызға айналған ақын, философ Асан қайғының көшпелі қазаққа қасиетті саналған «өмір талына» әлем байлауымен басталып, халқын әртүрлі кесапаттардан , індеттерден қорғау мақсатында аластап жүрген бақсының әуенімен жалғасады.Дабыл қағылып, ақын арнау айтып, «Балдаурен», «Тұмар» бишілері би билейді. «Бесігінді түзе» атты шілдехана тойы көрінісінде жас нәрестені бесікке салуда қазақтың рәсімдері жасалды. Нәрестенің нағашылары бесік әкеліп, оны бесікке салып,тыштырма рәсімі жасалды. Той тойға ұласып, «Қызөссе-өріс» көрінісінде қыз айттырған құдалар жағынан жіберілген жаушы өз міндетін атқарып,оған ата салтымен «Шеге шапан» жабылды. Қызұзатуға дайындықты «Анамнан қалған асыл мұра»көрінісіндегі киіз басушылар бастап кетті.
Әжелерімізден қалған мол мұра, жүн сабау,жіп иіру, киіз басу сында дәстүрлер орындалды. «Қызжасауы» көрінісінде қыз жасауына сырмақ, ішік, ыдыс-аяқ, түскиіз әкелген туыстар мен көршілердің әкеп қосуы көрсетілді. Тойбастар «Жастардың тойбастары» көрінісімен әрі қарай жалғасты. Бұл көріністе жастар бәдік айтысын, жүзік салу ойынын, кемпір күрес ойынын көрсетті. Әрі қарай жалғасын тапқан «Атандың бір ұлыңмен батыр халық» көрінісінде Бәйеш батырдың жауға аттануымен «қан-жоса жағу» рәсімі, бата беру орындалды. Батырлардың жеңіс тойы көрінісі әрі қарай жалғаса түсіп, ол көріністе халық Біржан сал,Сайдалы сары тоқа, Тайжан, Дайрабай, Балуан шолақ, Шабал Бисековалардың ән күйлері тыңдалды. Сал-серілер мен күйшілерден кейін «Назқоңыр» халықтық, фольклорлы-этнографиялық ансамбілінің өнерімен жалғасты.Қойылым соңында тәуелсіз елдің бір бөлшегі,қазіргі ата-баба дәстүрін сақтаған Жаңаарқа жеріндегі зор мәртебе әлем брендіне айналған Жаңаарқа қымызын дәріптелген ән шырқалды. Қойылым аяқталған соң көрмеде тұрған жәдігерлер мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары көрсетілді.
Ауылдық мәдениет үйлерінің қатысатын адам саны және көрмеге қойылатын заттар (ресмениктер)
Ералиев ауылы
Қатысушы — 7 адам
Қалмағанбетова Қуаныш
- Құрақ көрпе — 5
- Жастық — 5
- Текемет — 1
Нұрланова Рабиға
- Түс киіз — 1
- Текемет — 1
- Көрпе құрақ — 4
- Қоржын — 1
- Ұршық — 1
- Түбіт
- Сандық — 1
Жұмабаев Берден
- Өрімші
- Қамшы — 2
- Жүген қайыстан — 2
Көпбосынов Жалын
- Шідер — 3
- Қамшы — 2
- Божы — 1 (бишік)
- Құйысқан — 1
- Үзеңгі 3 түрлі
- Арша табақ — 1
- Самаурын — 1
- Ішік қасқыр — 1
- Ішік түлкі — 1
- Мөр (итемген бидің)
- Ер үзеңгімен
- Ат ер-тұрманымен
Мұхтар
- Тас диірмен
Қалмағанбетова Асыл — Күбі піседі.
Арай — Күбі піседі
Ақтау ауылы
- Бітпес
- Түскиіз
- Бесік
- Текемет
- Аяқ қап
- Торсық
- Шалғы
- Орақ
- Келсап
- Талқы
- Утек
- Түлкі ішік
- Күзен ішік
- Шапан
- Желетке
- Ұршық (жүн)
- Сылдырмақ
- Қыш құмыра
Қатысушы — 5 адам
- Жүнісов Бүркіт – акимат қызметкері
- Сатбергенова Алмагүл — мәдениет үйінің еден жуушысы
- Ермекбаева Қаршыға – зейнеткер
- Жұманова Сән — еден жуушы
- Рахметова Құралай — мәдениет үйінің меңгерушісі
Бидайық ауылы
Қатысушы — 8 адам
- Әбішова Айгүл – күбі пісуші
- Ахметова Зейнегүл — күбі пісуші
- Омарова Дәметкет — түбіт түтеді
- Сейсенбекова Тана — жүн түтеді
- Әбдірасылова Айдана — тоқыма
- Нұрмағанбетова Қарлығаш-диірмен, бидай
- Башкенова Бағилаш — талқан, құр, ши, бауырсақ
- Ким Элла — келі бидайымен, сырдақ, 2 құрақ көрпе, ішік түлкі, шлапшын, құмырамен
М. Жұмажанов ауылы
Қатысушы — 5 адам
- Жахина Әсем — 4 төр көрпе, ішік (қасқыр, түлкі)
- Мылтықбаева Құралай — 2 түс киіз
- Күбіге — 2 адам
- Шегиров Жангелді — мәдениет үйінің меңгерушісі
Байдалы Би ауылы
Қатысушы — 5 адам
- Муздаропова Наргүл – тігінші
- Балабеков Айдын Қол өнер
- Колобаева Айгул — мәдениет үйінің меңгерушісі
- Күбіге қатысушы — 2 адам
- Күбі — 2
- Көрпе
- Қасқыр
- Түлкінің терісі
Атасу ауылы
Қатысушы — 2 адам
- Жамал
- Арапов Қайрат — мәдениет үйінің меңгерушісі
- Тазы — 1
- Ат ертұрманымен — 1
Айнабұлақ ауылы
Қатысушы — 2 адам
- Нұргүл Мықтыбекова-қымыз пісуші
- Қызыров Балтабай — мәдениет үйінің меңгерушісі
Түгіскен ауылы
Қатысушы — 3 адам
- Байдәулетова Ақжүніс — тоқыма бұйымдарымен
- Нұрғалиева Рыскүл-көрме заттары
- Батралина Шакира
- Ат әбзелдері
- Көрпе
- Тоқыма
- Диірмен
- Самаурын
- Қағаз сырнай
Ақтүбек ауылы
Қатысушы — 3 адам
- Оралбай Теміржан
- Анишева Бағылан
- Сәрсекеев Дулат
- Домбыра — 1
- Талқан келі — 1
- Ертоқым — 1
- Қамшы — 1
- Қолдан жасалған шахматтың алашасы — 1
- Құман — 1
- Аққұман — 1
- Шөмке — 1
- Теріден жасалған торсық — 1
- Ағаш қасықтар — 4
- Ағаш тостақандар — 3
- Қолдан жасалған ожаулар — 3
- Горн (музыкалық аспап) — 1
Талдыбұлақ ауылы
Қатысушы — 5 адам
- Кульмағанбетова Орынбасар — ұршық иіреді
- Асанова Ақтоты — күбі піседі
- Ибрахимова Мадина
- Дүйсенбина Гүлбану
- Дүйсенбин Сері
- Сәду Ғазиз-күміс жасаушы шебер
- Түлкі ішік
- Ертоқым
- Жүген
- Диірмен
- Қамшы
- Сырдақ
Қызылжар ауылы
Қатысушы — 6 адам
- Аманова Г — тех.персонал
- Байысов Жасұлан — өрім өруші
- Дәулетбаев Еркебұлан — ат әбзелі
- Анафина Сая — күбі пісуші
- Дәулетбаева Еркеназ — күбі пісуші
- Аманова Гүлшат
- Текемет – 2
- Түскигіз-1
- Сырмақ- 1
- Ертоқым-1
- Қамшы-2
- Жүген-1
- Қасқыр ішік-2
- Күбі-2
- Ою көрпе-4 (құрақ)
- Әбдіре-1
- Мәсі -1
- Шапан-2
- Тымақ-1
- Тері көрпе-2
Ынтымақ ауылы
Қатысушы — 8 адам
- Мухатаева Бекзат
- Жампейсов Алпысай
- Оспанова Бибігүл
- Шалгымбаева Ботагөз
- Жаркенова Гүлзат
- Оразбекова Дана
- Алипова Майра
- Асанова Рымкүл
- Ши
- Жүн
- Тулақ
- Сабау
- 2 күбі
- Киіз
- Түскиіз
- Сырдақ
- Бітпес
- Төр көрпелер
- Кебеже
Орынбай ауылы
Қатысушы — 9 адам
- Жүнісов Жұмағали-сантехник
- Құнанбаев Жасұлан-завуч
- Молдабекова Айсұлу-зейнеткер
- Мамыраева Салтанат- пошташы
- Серікова Күнсұлу-мектепте істейді
- Дүйсенбекова Айгүл-кітапханашы
- Шардарбекова Әлия —
- Молдабеков Мақсат — әртүрлі жұмыс атқарушы
- Молдабеков Ертай-мәдениет үйінің меңгерушісі
- Ағаш ертоқым
- Қазан ошағымен
- Тұскиіз
- Сырмақ
- 5.Сандық
- Көрпелер.
- Үлкен ертоқым.
- Жүген.
- Қамшы.
- Тігін машинасы.
- Кепсер.
- Қазақы етік
- Тымақ
- Құмай тазы ит