«Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалінің марапаттау рәсімі жайлы

2021 жылдың 12 қараша күні С.Сейфуллин атындағы академиялық драма театрында «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалінің қортындысы өткізілді.

Фестиваль қазақ халқының мәдениеті мен шығармашылығын сақтау, төл қолөнерімізді дамыту, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру, қазақтың ұлттық ойындарын жаңғырту мен насихаттау мақсатында және ғасырлар бойы бабалар аңсаған еркіндіктің тұғыры – ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

«Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалінің жұмысы маусым айынан бастау алып, 16 аймақтың тыныс тіршілігімен, қазақтың қаймағы бұзылмаған төл мәдениетімен етене таныстырылды.

Фестивалімізге облысымыздың түпкір-түпкірінен  талантты 125 қолөнер шеберлері қатысып, бақ сынасты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып 28 шеберлер сурылып шықты.

  1. Жайбол Сұраған (Шет ауданы),
  2. Құрмет Ибрахимұлы (Қаражал қаласы),
  3. Сарыбас Жүнісов (Жезқазған қаласы),
  4. Бекнұр Жангарашев (Балқаш қаласы),
  5. Мәлик Жомарт (Бұқар жырау ауданы),
  6. Ахмет Өтеген (Жезқазған қаласы).
  7. Сағындық Бакиров (Ақтоғай ауданы),
  8. Зыяас Авык (Осакаров ауданы),
  9. Еділ Айтбеков (Жаңаарқа ауданы).
  10. Қамаш Толеубаева (Қарағанды қаласы),
  11. Гүлпаршын Матниязова (Осакаров ауданы),
  12. Динара Садвакасова (Балқаш қаласы),
  13. Руза Алдашова (Теміртау қаласы).
  14. Азамат Бақия (Ұлытау ауданы),
  15. Әбілқасым Байбұланов (Сатбаев қаласы).
  16. Төлеуғазы Дүйсенбеков (Теміртау қаласы).
  17. Шахмурат Абдыгаликов (Шахтинск қаласы)
  18. Ғазиз Сәду (Жаңаарқа ауданы),
  19. Гүлден Кикимова (Бұқар жырау ауданы)
  20. Манара Шикирова (Қаражал қаласы),
  21. Туғанай Бапанова (Ұлытау ауданы),
  22. Мәнкен Хатира (Нұра ауданы),
  23. Гульмира Жакудина (Нұра ауданы),
  24. Оралган Хитайхан (Абай ауданы),
  25. Құралай Ізтілеуова (Абай ауданы),
  26. Динара Кубентаева (Саран қаласы),
  27. Зәуей Сыдық (Шет ауданы);
  28. Самат Қожабаев (Ақтоғай ауданы).

Сонымен қатар әр аймақтардыңдың шығармашылығы бағаланып жүлделі орындар тағайындалды.

  • Қалалар арасында 3 орынға  – Сәтпаев қаласы ие болды!
  • Аудандар арасында 3 орын  – Бұқаржырау ауданы және Абай ауданына берілді!
  • Қалалар арасында 2 орын  – Қаражал  қаласына берілді!
  • Аудандар арасында  2 орынға  ие болды – Ақтоғай ауданы, Жанаарқа ауданы және Шет ауданы !
  • Қалалар арасында 1 орын  – Балқаш қаласына берілді!
  • Аудандар арасында  1 орынға  – Ұлытау ауданы ие болды !
  • «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалінің жеңімпазы және Бас жүлде Жезқазған қаласына берілді!

Последние мероприятия

Меню