2022 жылдың мамыр айының 27-ші жұлдызында Кеншілер мәдениет сарайының кәде залында «Рухани қазына 2022» мәдениет және өнер саласының ұйымдары мен қызметкерлерінің фестивалі номинанттарымен пресс-конференция өтті.
Пресс-конференцияның модераторы Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жұмакенов Еркебұлан Қайроллаұлы болды.
Конференцияға:
- «Үздік ауылдық мәдениет үйі (клубы)» номинациясы бойынша жеңімпаз Ұлытау ауданының Бозтұмсық ауылының мәдениет үйінің меңгерушісі Қанат Баймышев және Ұлытау ауданы мәдени-сауық орталығының басшысы Гүлжан Көпеева;
- «Үздік айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған кітапхана» номинациясы бойынша жеңімпаз Қарағанды облыстық зағип-және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана басшысы Айнұр Шаймуханбетова;
- Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің суретші қайта қалпына келтірушісі Ерғазы Исатаев;
- Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің суретші-безендірушісі Хайниса Мұстафина қатысты.