Наурыз мейрамына арналған театрландырылған қойылым жайлы ақпарат

2022 жылдың наурыз айының 22 жұлдызында сағ. 12.00де Қарағанды орталық саябағында Наурыз мейрамына орай театрландырылған қойылым қойылды.

Театрландырылған қойылымда «Аққу», «Шолпан», «Жұлдыз», «Аяла», «Нұрби», «Қуаныш» хореографиялық ансамбльдері, сондай ақ С.Сейфуллин атындағы Академиялық қазақ драма театрының актерлері, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Әуен» ансамблі , КАТМК солистер, Кеншілер мәдениет сарайының «До ми соль» вокалдық балалар ансамблі өнер көрсетті.

Наурыз мейрамының ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы, Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы.

Последние мероприятия

Меню