2022 жылдың мамыр айының 31-ші жұлдызында ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы саябағында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
- Қарағанды облысы әкімінің орынбасары — Әліқұлов Ербол Шымкентбайұлы;
- Отандастар қоры ұйымының президенті — Абзал Сапарбекұлы;
- Еуропадағы қазақтар қауымдастығының өкілі — Серік Тұрсын;
- «Егемен Қазақстан» газетінің жеке тілшісі — Қайрат Әбілда;
- Жастардың өкілі – Бектас Бақытұлытарихқа көз жүгіртіп, ескерткіштің ашылу салтанатымен құттықтады.
Белгітастың ашылуына Швейцария, Финляндия, Германия, Норвегия, Швеция және Дания сынды елдерден қонақтар арнайы келді.
Іс-шара барысында ашаршылық құрбандарының құрметіне гүл шоқтары қойылды.