Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысының ақпараты

2022 жылдың наурыз айының 16 күні сағ. 15.00-де, Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы өткізілді.

Айтыскер ақындардың шығармашылығының  қалыптасып, дамуына жағдай жасау, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын тілге тиек ету, айтыс өнерін насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу, халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және елдің санасына сіңіру айтыстың басты мақсаты.

Айтысқа Қарағанды облысының Нұра, Жаңаарқа, Шет аудандары мен Қарағанды, Сәтпаев, Теміртау, Шахтинск қалаларынан ақындар қатысты.

Айтыс екі кезеңнен тұрды:

  • Бірінші кезең – іріктеу;
  • Екінші кезең – мәре.

Мәреге бірінші кезеңнен іріктелген екі жұп шықты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша:

  • Бас жүлде — Нұрсұлтан Рымбай, Қарағанды қаласы 
  • І дәрежелі диплом — Еркеғали Бекболат,Теміртау қаласы
  • ІІ дәрежелі диплом — Мәди Олжабай, Сәтбаев қаласы
  • ІІ дәрежелі диплом — Нұрмұхамед Байсүгіров, Шахтинск қаласы
  • ІІІ дәрежелі диплом — Төрехан Совет, Қарағанды қаласы
  • ІІІ дәрежелі диплом — Жандос Бақытұлы, Нұра ауданы
  • ІІІ дәрежелі диплом — Әлихан Нығыметолла, Қарағанды қаласы 
  • Арнайы сыйлық — Думан Самат, Қарағанды қаласы 
  • Арнайы сыйлық — Сырым Нығызбай , Жаңаарқа ауданы
  • Арнайы сыйлық —  Мұхтар Әділов , Шет ауданы
  • Алғыс хат — Әлихан Ерғалиев,Теміртау қаласы
  • Алғыс хат — Мұхтар Ұлғасбаев, Шахтинск қаласы

Последние мероприятия

Меню