2020 жылдың желтоқсан айының 16-шы жұлдызында облыстық С.Сейфуллин атындағы Академиялық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Мерекелік кеш Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбектін марапатау рәсімімен басталды. Содан кейін концерттік бағдарлама жалғасын тапты.
Концерттік бағдарламада облыстық С.Сейфуллин атындағы Академиялық қазақ драма театрының актері Азамат Амантай, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі және «Аққу» хореографиялық ансамблі, Республикалық байқауларлың лауреаты Сырым Хордин және Әсел Іргебай, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Гүлмира Серікқызы, Қарағанды облысы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері өнер көрсетті.