1 сәуір — күлкі күніне арналған Мартбек Тоқмырза атындағы «Жымиясың сен неге?» атты облыстық әзілкештер фестивалі жайлы

ҚР Жастар саясатын іске асыру, дарынды жастардың шығармашылық әлеуетін жоғарылату, облыста сатира жанрын және оның қолдану аясын кеңіту үшін, әрі қазақ сатирасында өзіндік қолтаңбасы бар Мартбек Тоқмырза есімін ел есінде сақтау мақсатында, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылы 1 сәуір күні онлайн форматта, @onmcdint инстаграмм парақшасында «Жымиясың сен неге?» атты облыстық әзілкештер фестивалі өткізілді.

Фестиваль келесі номинациялар бойынша өтті:

  • «Айтпаймын қыз берсең де өтірікті».Әзілкештер өздері куә болған «қазіргі қырық өтірікті» баяндап береді.
  • «Әзілге толы әңгіме». Бұл номинацияда қатысушылар жалғыз адамның орындауындағы монолог, анегдот, күлкілі поэзияларды ұсынды.
  • «Көңілді тапқырлар». Бұл сайысқа түскен топтар қоғамда болып жатқан мәселелерді әзіл арқылы жеткізе білді.

Фестивальде Ақтоғай ауданынан Ізбасар Мерей, Құлымжанов Нұржан, «Ұят-ай» сатира театры; Қарқаралы ауданының «Өнерлі қыран» тобы, Қуаныш Дәуіржан, Кәрім Алдиярхан атты әзілкештер; Шет ауданынан Қамиев Айдар, «Мысқылда» тобы және Балқаш қаласынан Қызданова Айгерім өнер көрсетті.

Барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

 

Последние мероприятия

Меню