Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған дәстүрлі «Бұқарекең жырлайды» атты облыстық ақын-жыршылар сайысы бойынша ақпарат

2019 жылдыңқазан айының 30 жұлдызында сағат 14:00-де Қарағанды қаласының «Достық үйі» ғимаратында Қарағанды облысы мәдениет архивтер және құжаттама басқармасыныңжәне Бұқар жырау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған дәстүрлі «Бұқарекең жырлайды» атты облыстық ақын-жыршылар сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты: Тарихи құндылықтарымызды насихаттау және қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің асыл мұрасын дәріптеу. Жыршы-жыраушы дәстүрді жаңғыртып насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу. Халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және оны елдің санасына сіңіру .

Сайыс төрт номинациядан тұрды:

Бұқар жырауша – бұл сайысқа түскен ақындар өз туындыларын жырлау поэзиясы үлгісінде жаза отырып, қоғамның үлкен мәселелерін өз толғауларында аша білді;

Бұқар жырау оқулары —  Бұқар жыраудың шығармашылығын яғни жыр-толғауларын мәнерлеп оқыды; Жыршы-жыраулар сайысы – Бұқаржырау Қалқаманұлының жыр-толғауларын белгілі бір аспапта мақамға салып орындады;

Әлемді түгел білсе де —  өзге ұлт өкілдері Бұқаржыраудың жыр-толғауларын қазақша, орысша және өз тілінде жатқа, мәнерлеп оқыды.

Әр номинация бойынша қазылар жүлдегерлерді жеке-жеке анықтады.

«Бұқар жырауша» номинациясы бойынша:

I орын – Әуезхан Қайнар Кар МУ

II орын – Жұман Бектас КарМУ және Жоламан Әйткен Гоголь атындағы кітапхана

III орын – Асемгүл Алдаберген Орталық Қазақстан Академиясы 2 курс студенты, Мағжан Асқар «Дарын» мамандырылған мектеп-интернаты КММ 10 сынып оқушысы және Жұман Жасқанат КарМУ 4 курс студенті

  • Іляс Жансүгіров атындағы арнайы жүлде – Сейіт Наурызбай Бұрма ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі,
  • Бейімбет Майлин атындағы арнайы жүлде – Абдуахитова Ақтолқын Сәтпаев қаласы.
  • С.Сейфуллин атындағы арнайы жүлде Ақниет Тоғыберген Жезқазған қаласы.

«Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша:

I орын – Еркін Мөлдір ЖОББ №1 қазақ тірек мектебі,

II орын – Берікбаева Аружан Керней ЖОББ және Бақытұлы Жандос КарМУ

III орын – Мәденеш Маралжан Қарағанды қаласы, Қанат Ақерке Керней ЖОББ және Нығызбаев Бекарыс «Дарын» мектебі,

  • Қ.Сәтбаев атындағы жүлде — Болат Кәусар Бұқар жырау ауданы,
  • Н.Әбдіров атындағы жүлде – Қарасарт Нұрғиса Қарағанды қаласы
  • Н.Қазбеков атындағы жүлде – Әмина Жанайдарова Қарағанды қаласы.

«Жыршы-жыраулар» номинациясы бойынша:

I орын – Бекболат Еркеғали ҚарМУ

II орын – Қабиболаева Сәнім Тәттімбет атындағы өнер колледжі және Жиенбаев Алтынбек Қ.Аманжолов атындағы балалар музыкалық мектебі

III орын – Қамиев Ұланғасыр ҚЭУ, Ботпай Доскей ҚарМУ және Ботпай Нұрәлі «Дарын» мектебі,

  • Қайып Айнабеков атындағы жүлде – Төлегенов Әділхан Бұқар жырау ауданы,
  • Доскей Әлімбаев атындағы жүлде – Аленина Виктория Қарағанды қаласы,
  • Маясар Жақапов атындағы жүлде – Ақшалова Алуа Абай ауданы.

«Әлемдi түгел бiлсе де» номинациясы бойынша:

I орын – Сафарова Зарина Тұрік этномәдени орталығы тқрағасының орынбасары,

II орын – Гамм Вадим Новоузинка ЖББОМ, Шамполова Дарья Абай ауданы,

III орын – Мених Милана Новоузинка ЖББОМ және Митковская Анастасия Жезді кенті.

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Последние мероприятия

Меню