NEON WINCHESTER

12 тамыз Instagram желісі @onmcdint парақшасында Халықаралық Жастар күніне арналған VІІ облыстық «Жастар әлемі «онлайн фестивалі аясында Нұр-Сұлтан қаласының NEON WINCHESTER рок тобымен тікелей эфир өтті.

Neon Winchester Нұр-Сұлтан қаласы мен Республикамыздың рок бағытының жарқын өкілдерінің бірі.

Бұл топ «Жастар әлемі» фестиваліне бірнеше рет қатысып келеді, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің басты қалаларында (Омбы, Санкт-Петербург, Мәскеу) жеке концерттерін беріп жүр.

«Neon Winchester» тобының құрамында:

  • Вадим Хватюк-гитара
  • Дмитрий Семенов-вокал, бас, драма машинасы
  • Василий Банный-вокал, гитара, керней
  • Дмитрий Староверов-барабандар

Топ директоры Валентина Антонова.