«Наурыз – Нұрлы мерекем» ақпарат

2019 жылдың 22 наурызында Орталық мәдениет және демалыс саябағында «» атты театрландырылған қойылым өтті.
Іс-шараға С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры мен Станиславский атындағы орыс драма театры актерлары, Этномәдени бірлестік, Симфониялық және Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі, «Әжелер» хоры, «Аққу», «Шолпан», «Қуаныш», «Волшебная страна» би ансамблдері, Қытай және Италия еліндегі «Extrim — show» байқауының жеңімпазы акробат Ғалымжан Әуесбай қатысты.

Бұл күнгі безендіру ерекше әсер берді. Қазақтын тұрмыс-салт өмірін бейнелеген 4 жарты кигіз үй және ақ маталар оралған биік бәйтерек орнатылды. Іс-шара ұлттық киім киіп, қазақтың ұлттық музыкаларын орындаған оркестрмен басталды. Ортаға қыздар мен ұлдардан құрылған 7 жүргізуші шығып, тәуелсіздігімізді бейнелеген бимен бишілер жалғастырды. Одан кейін ортаға қолында найза, қылыш, қалқаны бар бес қаруын сайлаған нөкерлермен Қазақ даласының төрт торабын бейнелеген төрт қазақ батырлары шығып өз мекенің мақтаң тұттып «Extrim — show» байқауының жеңімпазы Ғалымжан Әуесбайға назар аударды. Ғалымжан Әуесбай 6-метрлік биікке көтеріліп халықты таң қалдырды.

Қазақтың сылқым қыздары би билеп, батырларға келіп алаңға қосылғаннан кейін Этномәдени бірлестік өкілдері өз тілдерінде наурыз мерекесімен құтықтады. Әжелер келіп ән салып, бишілер әр ұлттын биін билегеннен кейін жүргізушілер ортаға шығып Қарағанды облысының әкімі сахына төріне шақырды. Қазақтын бұрымды қыздары мен білекті ұлтарының ашқан жолымен Қарағанды облысының әкімі сахынаға көтеріліп сөз сөйлегеннен кейін, Қызыр Ата халыққа батасын берді.
Наурыз әні орындалып сол әннің аясында қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілді.

Көрініс соңында мерекелік Қарағанды қаламыздын құрметіне арналған ән орындалып, ұлттық киім киген әжелеріміз «Шашу» шашып, түрлі-түсті салют атылды.

Концерттік бағдарламаны әрі қарай Қарағанды облысының кәсіби және көркемөнерпаз ұжымдары жалғастырды.