Little Miss World – 2019 және Photomodel world – 2019 халықаралық сұлулық пен талант байқауына Mini Miss Karaganda – 2018

2018 жылы 4 мамырда сағат 10:00де Кеншілер мәдениет сарайының салтанатты залында Түркия Бодрум қаласында өтетін Little Miss World – 2019 және Photomodel world – 2019 халықаралық сұлулық пен талант байқауына Mini Miss Karaganda – 2018 Аиши Әбенованың Mini Miss Karaganda-2018 қатысуына арналған баспасөз конференциясы өткізілді.

Айша Әбенова 2011 жылы 13 маусымда Қарағанды қаласында туған, №45 гимназияның 1В сынып оқушысы.

Айша Әбенова Mini Miss Karaganda-2018 облыстық сұлулық пен талант байқауының жеңімпазы, 7-9 жас аралығында Mini miss grand prix Russia 2018 титулының иегері.

Аиша Қарағанды қаласының «Art Line» Модельдік агенттігі ұйымдастырған фото және бейне түсірілімдерге бірнеше рет қатысты, сондай-ақ 2018 жылы Қазақстан Республикасы Астанасының 20 жылдығына арналған «Өмір тарихы» атты деректі фильмге түсті.