ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Бірлігі жарасқан – Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік онлайн концерті жайлы ақпарат

ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Бірлігі жарасқан – Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік бейне концерті ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарламаға Қарағанды облысының кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдары қатысты:

  • Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі;
  • «Аққу»фольклорлық хореографиялық ансамблі;
  • «Әуен»ансамблі;
  • Жаңаарқа ауданы МҮ орындаушылары Теміржан Ұлмағанбетов, Жалын Сыздықов, Бейімбет Сарымсақов;
  • Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары»халықтық ән-би ансамблі;
  • Абай ауданы славян этномәдени орталығының «Русалица»вокалдық тобы;
  • Қарағанды корей этномәдени орталығының «Самульнари» ансамблі;
  • «Волшебная страна»үлгілі хореографиялық ансамблі;
  • Бұқар Жырау ауданының шығармашылық ұжымы;
  • Осакаров ауданы МҮ әншісі Анаргүл Наурызхан;
  • Нұра ауданы МҮ әншісі, композитор Амангелді Шахарбаев;
  • Теміртау қаласының «Вдохновение»вокалдық-хореографиялық ансамблі;
  • Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кенті МҮ директоры Мейірлан Қалиев.

Әрбір концерттік нөмір облыс өңірлерінің көше алаңдарында түсірілді, сондай-ақ өткен жылдардың мұрағаттық бейне материалдарынан алынды.

Концерт:

@onmcdint — инстаграмында;
@onmcdint — фейсбук парақшасында;
Центр народного творчества г. Караганда — youtube арнасында;
onmcdint.kz — сайтында көрсетілді.