«Елбасы бастаған нұрлы ел!» (Елбасымен бірге – нұрлы болашаққа) атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған Форум

2014 жылдың қараша айының 28 күні С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры ғимаратында Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың қатысуымен «Елбасы бастаған нұрлы ел!» (Елбасымен бірге – нұрлы болашаққа) атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған форум өтті.

Форумға Елбасымыздың қанаттастары, соғыс және еңбек ардагерлері, депутаттар, қалалар мен аудандардан әкімдер бастаған делегаттар, белгілі кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, этно-мәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, белгілі спортшылар, облыстық басқармалардың басшылары шақырылды.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығынан алынып, Елбасымыздың өмірбаяны көрсетілген фото-көрмелер, Тәуелсіздік алғанымыздан бергі Қазақстанның жетістіктерін баяндайтын бейне-роликтер көрсетілді.

Форум сахнасында Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері, «Қуаныш», «Шолпан» және «Волшебная страна» сынды үлгілі хореографиялық ұжымдар, Қарағанды Академиялық музыкалық комедия театрының әртістері және ҚР ебең сіңірген қайраткері, К.Байсейітова атындағы опера және балет театрының әншісі – Сүндет Байғожин өнер көрсетті.

Президентіміздің маңызды еңбектері туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ телім басшысы Марат Сайдильдин, Костенко атындағы шахта телімі басшысының орынбасары Қойшыбай Жұлдызбек, ҚарМТУ тау-кен факультетінің студенті Татьяна Ахметчина және орта білім беру мектептерінің, лицейлерінің оқушылары және балабақшалар тәрбиеленушілері баяндады.

Содан кейін мереке құрметіне орай Нұра ауданының «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокоп және Абай ауданының «Шығыс» шаруа қожалығының директоры Шамиль Осин өз аттарынан және өздерінің әріптестері – ауыл шаруашылығы құрылымы басшыларының атынан облыстық түберкүлезге қарсы емделу орталығына және психоневрологиялық әлеуметтік-медициналық мекемелерге демеушілік сертификаттарын ұсынды.

Ел Президенті жүргізіп жатқан реформаларға қолдау сөздерін «Power Beton» ЖШС директоры Қуаныш Жанаков, «Оптим-кран» ЖШС директоры Евгений Лисицын және «Қарағанды формоцептикалық кешені» ЖШС жобаларын жоспарлаушы Любовь Бочарова сөйледі.

Ұлт Көшбасшысының салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда орнап тұрған халықаралық келісімнің, достықтың және төзімділіктің жағдайы туралы облыстық «Литуанка» литва этно-мәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Виталий Тварионас және Теміртау қаласындағы «Понтос» грек мәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі   Деспина Касапиди сөз қозғады.

Салтанатты жиын Қарағанды облысы әкімінің құттықтау сөзімен, сонымен қатар «Қазақ елі» әнімен және отшашумен аяқталды.

Форумды Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Облыстықішкі саясат басқармасы, Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Последние мероприятия

Меню