Балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің шеруі

1 маусым күні Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өткізіледі. Осы күні олар үшін барлық өңірлерде салтанатты іс-шаралар басталып, орталық алаңдар, стадиондар, саябақтар мен сарайлар — олардың құзырында болады.
Қарағанды қаласының «Тәуелсіздік» алаңында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие факторы ретінде оқушылар мен студенттердің шерулік, көшеде фестивальдің жүріп өтуін қолдау және дамыту мақсатында балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің шеруі өтті.

Шеруге облысымыздың үрмелі, соқпалы, ішекті халықтық ансамбльдері, барабаншылар, би және музыкалық ансамбльдеріі, хостесстер, мажореткалар, черлидерлер, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының педагогтері, білім алушылары қатысты.

Мерекелік шеру Тәуелсіздік алаңынан басталып, Кеншілер мәдениет сарайынан өтіп, Орталық мәдениет және демалыс саябағына дейін жүріп өтті. Мереке қалалық көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен ұласты.