«Бұқарекен жырлайды» атты сайыс бойынша ақпарат

Кемеңгер қария, ақылшы абыз, ұлттың ұраншысына айналған Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған «Бұқарекең жырлайды» атты облыстық ақын-жыршылар сайысы 2018 жылдың  4 қазанында сағат 14.00-де Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ның «Достық үйінде» өткізіледі.

Сайыс 4 номинация бойынша өтті.

  1. Бұқар жырауша. Мүшайра бойынша өтетін бұл сайысқа түсетін ақын өз туындысын жыраулар поэзиясы үлгісінде жаза отырып, қоғамның күрделі мәселелерін өз толғауында ашуы керек болды.
  2. Бұқар жырау оқулары. Бұл сайысқа қатысушылар Бұқар жыраудың шығармашылығын, яғни жыр-толғауларын жатқа, мәнерлеп оқып шықты.
  3. Жыршы-жыраулар сайысы. Бұл сайыста әнші-жыршылар Бұқар жырау Қалқаманұлының жыр-толғауларын белгілі бір аспапта (қобыз, домбыра, сырнай) мақамға салып орындауы шарт.
  4. Әлемді түгел білсе де. Өзге ұлт өкілдері арасында Бұқар жыраудың жыр-толғауларын қазақша, орысша және өз тілінде жатқа, мәнерлеп оқыды.

Ақын-жыршылыр байқауының қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, жыршы Ерболат Шалдыбеков болды.

Қазылар алқасы шешім бойынша:

  • «Бұқар жырау оқулары» номинациясы:

I орын – Төлеу Х.;

II орын – Қарасарт Н., Жакупов Р.;

III орын – Болтаева А., Сатаева А., Бақытұлы Ж.

«Арнайы» номинациясы — Бөкенова І., Ташимбекова Ж.

  • «Әлемді тұгел білсе де» номинациясы:

I орын  – Черненко Т.;

II орын – Сафарова З., Шайменова С.;

III орын – Стрюкова А., Мених М., Оганнисян А.

«Арнайы» номинациясы- Митковская А., Пузырев Д.

  • «Бұқар жырауша»номинациясы:

I орын – Наринов Е.;

II орын – Макаш А., Бейсенбекова Ф.;

III орын – Ноғаева Б., Тойлыбаева А., Бауыржан Е.

«Арнайы» номинациясы — Бекежанова А., Дүйсенбай Қ.

  • «Жыршы-жыраулар сайысы» номинациясы:

I орын – Әділов М.;

II орын – Садвакасова Е., Қалиев Ұ.;

III орын – Маемеров Қ., Ботпай Д., Тлеубек Ж.

«Арнайы» номинациясы — Жакаба Б., Бекболат Е. ие болды. Жеңімпаздарға, жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады.