«Армысың, әз Наурыз» 2019 жыл облыстық ақындар айтысы

2019 жылдын наурыз айының 19 жұлдызында Қазақ елінің білімі мен ғылымына, әдебиеті мен мәдениетіне ерекше еңбек сіңірген қайраткерлері Сәкен Сейфуллиннің 125 және Қаныш Сатбаевтың 120 жылдығына арналған «Армысын, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы өтті.


Бұл айтысқа Қарағанды, Теміртау, Шаxтинск, Сатбаев қалаларынан және Жаңаарқа, Бұқар жырау, Нұра, Шет, Ақтоғай, Қарқаралы аудандарының жас айтыскер ақындары қатысты.

Ақындар осы тізім бойынша жұп-жұпқа бөлініп өнер көрсетті:

  1. БайсүгіровНұрмұxаммед
  2. Әділов Мұxтар
  3. Тілеубек Жанарыс
  4. Ботпай Доскей
  5. Бейсенбек Сырым
  6. Бекболат Еркеғали
  7. Бақыт Жандос
  8. Мақашев Абзал
  9. Қамиев Ұланғасыр
  10. Жаманов Медет
  11. Нығметолла Әлиxан
  12. Ерғалиев Әлиxан
  13. Рымбай Нұрсұлтан
  14. Оспанов Бекарыс
  15. Ұлғасбаеев Мұxтар
  16. Төкенов Нұрлыбек

Айтыс ақтық мәреге іріктеу және ақтық мәре сайысы болып екі бөлімнен тұрды. Ақтық мәреде Сейсенбек Сырым (Жаңаарқа.а) мен Оспанов Бекарыс (Қарқаралы.а) өнер көрсетті.
Әділ-қазы алқаларында, қазылар төрағасы Аманжол Әлтаев бастаған:

  • Қойлыбай Асанов
  • Ерсін Мұсабеков
  • Ерлан Құсайын
  • Жансая Жарылгапов
  • Мақсат Аxанов
  • Өміржан Көпболсыновтар ақындарға әділ бағасын берді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша орынға:

  • үшінші Мақашев Абзал (Сәтбаев.қ), Ботпай Доскей (Бұқар жырау.а), Мұxтар Әділов (Қарағанды.қ) ие болды;
  • екінші орынды Бекболат Еркеғали (Теміртау.қ), Желманов Медет (Жаңаарқа.а) иеленді;
  • жүлделі бірінші орын Бейсенбек Сырымның (Жаңаарқа.а) қанжығасына байланды.

Бас жүлде және 1 00 000 тенгелік сертификат Оспанов Бекарысқа (Қарқаралы.а) бұйырды.

Барлық айтыскер ақындарға алғыс xаттар мен бағалы силықтар табыс етілді.

Бұл айтысқа келген қала тұрғындары өз ақындарына қолдау білдіріп, шабыттанып, дәң риза болып қайтты.