«Қарағанды облысының «Зерде» жылжымалы мәдени-сауық кешені қызметінің тәжрибесі, мәселесі және болашағы» атты мәдени-сауық ұйымдарының қызметкерлеріне арналған облыстық семинары

2017 жылдың 7 сәуір күні «Сарыжайлау» кинотеатрының кіші залында, «Қарағанды облысының «Зерде» жылжымалы мәдени-сауық кешені қызметінің тәжрибесі, мәселесі және болашағы» атты мәдени-сауық ұйымдарының қызметкерлеріне арналған облыстық семинар – практикумы өткізілді.
Семинарға Қарағанды облысының АМСО, АМҮ басшылары мен «Зерде» мәдени-сауық кешендерінің жетекшілері қатысты.
Стационарлы мәдениет ошақтары жоқ елді мекендерге облыста 21 «Зерде» жылжымалы сауық кешені қызмет көрсетеді
Семинар аясында келесі сұрақтар қарастылды:

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу бойынша ұйымдастыру және әдістемелік іс — шаралары;
  • 2016 жылы Қарағанды облысының «Зерде» жылжымалы мәдени-сауық кешені қызметтерінің қортындысы жайлы ақпарат.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» лекциясы;
  • «Ең үздік «Зерде» мәдени-сауық кешені» номинациясы бойынша «Қарағанды облысының ең үздік клубтық ұйымы» облыстық байқау-конкурсын өткізу жайлы.
  • Пікірталас (Дебат): ең белсенді мәдени халыққа қызмет көрсетудің түрлерін анықтау, мәселелерді талқылау және олардың шешімін табу.
  • «Зерде» мәдени-сауық кешенінің ережесін талқылау.

Жаңаарқа және Бұқаржырау аудандарының «Зерде мәдени-сауық кешендерінің аз қоныстанған елді мекендерге қызмет көрсету бойынша тұсаукесерлері өте танымды және қызықты өтті.
Семинарды қортындылай келгенде, «Зерде» мәдени-сауық кешендері қызметкерлерінен жыл сайын аталмыш семинарды өткізуге ұсыныс берілді.
Бүгінгі таңда «Зерде» бейнемобильдерінің қызметі өте маңызды және ауыл тұрғындарының сұранысына ие. «Зерде» — тұрғындар аз қоныстанған елді мекендер үшін ақпарат алудың, өнер айдынымен қауышудың, мәдени құндылықтарды зерделеудің, тұлғалардың әлеуметтік-мәдени бейімделуінің жалғыз қайнар көзі болып табылады.