«Қарағанды облысы мәдени-сауық ұйымдарының 2017 жылда атқарған қызметін талдау. 2018 жылға арналған жұмыстың басты міндеттері мен бағыты» тақырыбында облыстық семинар өтті

31 күні С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының Кіші залында Қарағанды облысының мәдениет қызметкерлеріне арналған «Қарағанды облысы мәдени-сауық ұйымдарының 2017 жылда атқарған қызметін талдау.

2018 жылға арналған жұмыстың басты міндеттері мен бағыты» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға аудандық, қалалық мәдениет үйлері мен сарайларының, мәдени-сауық орталықтарының басшылары қатысты.

Семинардың басты сұрағы – жылдық есептерді сараптау, жоспарлау, есеп беру формаларын мәдени-сауық ұйымдарының қызметтеріне енгізу, 2018 жылға орталықтандырылған және аймақтық фестивальдер, конкурстар мен байқауларды өткізу бойынша ақпарат, Қарағанды облысы аймақтары арасында тәжірибелік алмасу.
Семинар бағдарламасында келесі сұрақтар қарастырылды:

  • 2017 жылдағы Қарағанды облысы мәдени-сауық ұйымдарының әдістемелік қызметін талдау. Статистикалық есеп — мәдениет саласының негізгі қызметінің басты көрсеткіштері. Кутузова Л.Г. – ОМС ж ХШҒӘО талдау, мониторинг және әдістемелік қызметі бөлімінің жетекшісі.
  • Абай ауданы әдістемелік жұмыстарының әсерлі ұйымдастырудың әдістері. Мамлютова Г.Г.– Абай аудыны АМСО басшысының орынбасары
  • Әдістемелік қызмет – Ақтоғай ауданы мәдениет қызметкерлерінің шығармашылық процессі. Күлшікенов Н. Ж. – Ақтоғай ауданы АМСО басшысы
  • Қарағанды облысының мәдени-сауық ұйымдарының көркемөнерпаздар халық шығармашылығының дамуы. Капасова А.О. – ОМС ж ХШҒӘО халық шығармашылығы бөлімінің маманы
  • Жаңаарқа ауданы халық шығармашылығын дамытудың өзіне тән ерекшеліктері.
    Исина А.У. – Жаңаарқа ауданы АМСО басшысы
  • Сәтпаев қаласы тұрғындарының шығармашылық қабілеттерін клубтық қызметтердің қалыптасуы арқылы дамытудың үрдістері. Төлеш Қ. – Сәтпаев қ. Мәдениет және тілдерді дамыту
    бөлімінің басшысы
  • Қарағанды облысының мәдени — тынығу саябақтары, «Зерде» мәдени — сауық кешендерінің 2017 жылдағы басты бағыты. Кедергілер мен қойылған сұрақтары. Нурманбаева А.К. – ОМС ж ХШҒӘО мәдени-сауық бөлімі жетекшісі
  • Бұқаржырау ауданының халық аз қоныстанған жерлердегі тұрғындарының ұсыныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып «Зерде» мәдени-сауық кешендері жұмысының пішіндері мен әдістері. Макишев Ж. С. – Бұқаржырау ауданы «Зерде»
    мәдени-сауық кешенінің жетекшісі
  • Теміртау қаласы мәдени — тынығу саябақтары жұмысының ерекшеліктері. Райкова А. И. – Теміртау қаласы мәдени–тынығу саябағы басшысының м.а.
  • Қарағанды облысы мәдени – сауық ұйымдарының 2018 жылдағы қызметінің мақсаты мен міндеттері. Федоренко М.В. – ОМС ж ХШҒӘО басшысының орынбасары