Абай күні 2020

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин қол қойған қаулыда:

«Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің күнтізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына 22 бап 1-тармақ Абай күні деп толықтыру еңгізілді.

Қарағанды қаласында 10 тамыз күні Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Махмұдұлының қатысуымен Абай Құнанбайұлының ескерткішінің алдына салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды.

Аталмыш іс-шараға этномәдени бірлестігінің төрағалары және облыс ақындары ат салысты. «Жыр-жауһар» шығармашылық орталғының мүшесі Жәнібек Әлиман ұлы ақынның «Адамның кейбір кездері» атты өлеңін оқыса Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі Нұрбол Темірғалиев «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Мерекеге жиналғандар арасында ұлы ақын ескерткішіне бас иіп гүл шоқтарын қойған өзге ұлт өкілдері де болды.

Іс-шарада карантиндік сақтық шаралар толықтай сақталды.